×

Қазақстанда еліміздің ЕАЭО мен ҰҚШҰ құрамынан шығуын талап еткен петиция жарияланды

Бастамаға 63 мыңнан астам адам қол қойып үлгерді

Қазақстанда еліміздің ЕАЭО мен ҰҚШҰ құрамынан шығуын талап еткен петиция жарияланды
e-cis.info

Қазақстан аумағында елдің Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭО) және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуы үшін қол жинау басталды. Бастамаға 63 мыңнан астам адам қол қойып үлгерді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қазақстан билігінен ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды, сонымен қатар Ресей Федерациясымен барлық ықпалдастық процесті тоқтатуды талап етеміз», –  делінген үндеу мәтінінде.

Петиция авторлары Ресей Федерациясынан саясат пен экономика саласы бойынша бойымызды аулақ ұстауды ұсынады.

«Ресейдің кез келген қолдауы елімізді қазіргі Ресей сияқты әлемнен оқшаулайды», –  дейді үндеу авторлары.

Республика тұрғындарының мұндай ұстанымы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларусь пен Ресей Федерациясының ұсынысына қарамастан, Путинге Қазақстанның жаңа КСРО құруға ниеті жоқтығын айтқан соңғы мәлімдемесіне сәйкес келіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →