×

«Әуежай ісі». Сот әділ шешім шығарды, біз сай емес адамдарды батыр санап жүрміз – Айдос Сарым

Әуежай мен «Қазаэронавигацияны» басып алудың өзі – терроризм

«Әуежай ісі». Сот әділ шешім шығарды, біз сай емес адамдарды батыр санап жүрміз – Айдос Сарым
Ашық дереккөздерден

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым саясаттанушы Марат Шибұтов жүргізетін «Диванные эксперты» бағдарламасында «Әуежайды басып алу ісіне» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қаңтар оқиғасын» айтпағанда, әуежай мен «Қазаэронавигацияны» басып алудың өзі – терроризм. Екіншіден, бұл – қала тұрғындарына төндірілген қауіп. Егер транзит арқылы бір ұшақ сол сәтте құлағанда, адам шығыны тіптен көп болушы еді. Бұқаралық ақпарат құралдарында шығып материалдардан, видеолардан барлығын айқын көре аламыз. Өкінішке қарай, ақпараттық алаңда «мүлдем қаһармандыққа сай емес адамдарды батыр етіп жатырмыз». Манипуляция көп», - дейді Айдос Сарым. 

Ол сот шешімі әділ деп санайды. Өйткені барлық дәлел бар деп отыр.

«Біздің қалай қарағанымыз маңызды емес, физикалық фактілер дәлелденген. Бұл істе бірнеше адам фигурант саналады. Он шақты камераға түсірілген. Билік өкілдерімен қалай ұрысқанынын, тіпті 20 мың емес, 60 мың террорист келеді деп қорқытқанын байқайсыз. Сосын әуе компанияларының қызметкерлері, қаншама бизнес субъектілері зардап шекті? Оның бәрін айтпаймыз. Әйтпесе, миллион доллар шығын қылды. Біз тек азшылықтың пікірін ғана жариялаймыз. Қылмыстықтан бөлек, азаматтық іс бойынша да біраз шағым түсіруге болады», - дейді депутат.

Ол мұның бәрі еліміздің азаматтары, зардап шеккендер де сотталған төрт адамнан еш кем емес деп отыр. 

«Халық қаңтар оқиғасын тезірек ұмытқысы келеді. Бірақ біздің ақпараттық алаңда төрт-бес сетка бар. Олар Telegram басқа да аккаунттар арқылы 20 миллион адам тек «Әуежай ісіне» бас ауыртып жатқандай жазады. Әйтпесе, елде ЖЭС, жол секілді проблемалар бар», – дейді Айдос Сарым. 


Айта кетейік, 11 шілдеде қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайды басып алу ісі» бойынша сотталған болатын. Журналист және қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужан 4 жылға, ал Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жан-Айдар Кәрменов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еліміздің танымал-ақын жазушылары осы іске байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрап хат жазған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →