×

«9-20-25» бағдарламасы қашан аяқталады – Ұлттық экономика министрі жауап берді

Бағдарлама биылғы наурыздан бастап іске қосылды

«9-20-25» бағдарламасы қашан аяқталады – Ұлттық экономика министрі жауап берді
Фото: t.me/KZgovernment

«9-20-25» бағдарламасы бірнеше жылға созылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Биыл наурыздан бастап «9-20-25» бағдарламасы іске қосылды. Бірінші күннен бастап шамамен 1 мың өтінім түсті. «Отбасы банк» жұмыс істеп жатыр. Мамырда алғашқы өтінім мақұлданып, бағдарлама нақты іске қосылады», – деді министр.

Ол аталған бағдарлама бірнеше жыл бойы жұмыс істейтінін атап өтті.

"Бағдарлама бірнеше жылға созылады. «Бәйтерек» холдингі өз қаражаты және тартылған қаржы есебінен бағдарламаға қолдауды жоспарлап отыр", – деді Байбазаров.

Айта кетейік, 1 наурыздан бастап «Отау» бағдарламасы басталды. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін қазақстандықтар "Баспана маркет" порталында бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →