×

«Үй тазалау үшін келдік деп ойлаған»: бизнесмен 8 наурызда әйелдерге ұмытылмас сый-құрмет көрсетті

Гүл шоғын алған әйелдердің бірі көз жасына ерік берді

«Үй тазалау үшін келдік деп ойлаған»: бизнесмен 8 наурызда әйелдерге ұмытылмас сый-құрмет көрсетті
Видеодан скриншот

Қазақстандық кәсіпкер әрі блогер Алмасбек Батыр Халықаралық әйелдер күніне орай клинингтік компанияларда еңбек ететін әйелдерге ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Батырдың айтуынша, олар 20 клининг қызметкерін үйге шақырған, бірақ мерекелік кешкі асқа емес, әйелдер жұмысқа келдік деп ойлаған. Алайда есіктің алдында оларды гүл шоқтарымен қарсы алып, Рамазан айының құрметіне жайылған қайырымдылық ауызашар дастарханына шақырғанда әйелдер таң-тамаша болған.

«Олардың арасында мұғалімдер, дәрігерлер және өз саласының білікті мамандары бар. Олар отбасын асырау үшін клинингпен айналысады. Бұл – нағыз ерлік, осындай әйелдердің еңбегі құрметке лайық!» – деді Батыр.

Әйелдердің бірі гүл шоғын алған кезде көзіне жас алды. Ол өмірінде бірінші рет гүл алғанын мойындады.

Мерекелік кеш соңында барлық қызметкерге сыйлық ретінде 20 мың теңгеден табысталды. Алмасбек Батыр әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтап, олардың еңбегі мен қайсарлығы лайықты құрметке ие болуы керектігін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →