×

Тарих пен табиғатты тоғыстырған бастама: Іле жағасында Ескерткіштер күніне арналған ауқымды экологиялық акция өтті

Тарих пен табиғатты тоғыстырған бастама: Іле жағасында Ескерткіштер күніне арналған ауқымды экологиялық акция өтті
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Алматы облысында «Ескерткіш — ел тарихы» атты кең ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. Шараның негізгі алаңы — Іле өзенінің бойындағы тарихи орын, Көшпенділер қалашығы болды. Игі бастама «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс аумағындағы тарихи-мәдени мұраның 152 нысанында тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Акцияға 10 мыңнан астам адам — мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, жастар және жергілікті тұрғындар атсалысты.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев шараның символдық мәніне ерекше тоқталды:

“Экологиялық акцияның дәл Ескерткіштер күні Іле жағасында өтуі — ерекше мағынаға ие. Бұл мекен — ата-бабаларымыздың ізі қалған қасиетті орын. Оны сақтау — баршамыздың ортақ парызымыз. «Таза Қазақстан» жобасы аясында облыстың 373 елді мекені жұмылып, 55 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Бұл — болашақ ұрпақтың саулығы мен табиғаттың әл-ауқаты үшін жасалған маңызды қадам”, — деді өңір басшысы.

Осындай бастамалар өңірде игі дәстүрге айналып келеді. Олар қоғамда табиғат пен тарихи мұраға деген құрметті арттырып, ұлттың рухани байлығын ұлықтауға сеп болуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

20 мамырда Ұлттық сараптама орталығы комбинатқа жақын елді мекендерде қосымша зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.
 Ұлттық қорға қаражат аударатын мұнай компанияларының саны 8,5 есе азайған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →