×

Ақтөбе облысында қызғалдақтармен суретке түскен әкімнің басы дауға қалды

Сурет көпшіліктің наразылығын тудырған

Ақтөбе облысында қызғалдақтармен суретке түскен әкімнің басы дауға қалды
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаева қызғалдақ ұстап суретке түсіп, басы дауға қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"КТК" арнасы мәліметінше, ол суретті әлеуметтік желілерде жариялаған, бұл көпшіліктің наразылығын тудырған.

"Халық билік өкілі мемлекет қорғайтын гүлдерді неге жұлғанын түсіндіруді талап еткен. Шенеуніктің өзі қызғалдақтарды табиғатта демалып жүрген кезде қызы бергенін және айналасында оларды жұлып алуға болмайтыны туралы ешқандай белгі болмағанын айтқан", - деп жазылған материалда.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті мәліметінше, әкім гүлдерді өзі жұлғаны туралы тікелей дәлел жоқ.

"Мұғалжар аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз", - деп түсіндірді полиция.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →