×

Астанада ереуілдеп жатқан жаңаөзендік жұмысшылардың талабы қандай

Қазір олардың саны 150-ге жуықтады

Астанада ереуілдеп жатқан жаңаөзендік жұмысшылардың талабы қандай
Qaz365.kz

Кеше дүйсенбі күні Астанаға Жаңаөзендегі  «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған 100-ге жуық қызметкері келген. Түнімен Энергетика министрлігі ғимаратының алдында қонып шыққан азаматтарға бүгін тағы бір топ адам қосылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазір олардың саны 150-ге жуықтады. Мұнайшылар аутсорсинг келісімшартының орнына, үш жылға еңбек шартын жасасып, демалысқа шығуға мүмкіндік беруді талап етіп жатыр.

«Өзенмұнайгазға» компаниясына еншілес «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінде істейтін 100-ден астам мұнайшы 1 сәуірден бастап жұмыссыз қалғанын айтып, тұрақты жұмыс талап етіп келеді. Олар әуелі Маңғыстау облысының өзінде наразылыққа шығып, Жаңаөзен әкімдігі алдына және «Өзенмұнайгазға» барған. Осы жолы Астанаға келіп отыр.

«ҚазМұнайГаз»  1 сәуірде оларға орташа есеппен 700 мың теңге еңбекақысын сақтай отырып, басқа компанияға жұмысқа орналасу ұсынылған. Алайда, жаңаөзендіктердің айтуынша, жұмысты тек 55 маманға ұсынған, ал жұмыссыз қалған 240 адам бар. «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері тендер нәтижелерін жоюды талап етіп, бұл ұсыныстан бас тартқан көрінеді.

Енді бүгін «ҚазМұнайГаз» комиссия құратындарын айтты. Жаңаөзендіктер комиссия мүшесін кім болатынын көрсет деген талап қойып жатыр. Міндетті түрде Энергетика мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері болуы керек деп айтты. 

Жиналғандарды тәртіп сақшылары тапжылмай күзетіп тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →