×

Қапшағайдағы туристер дәретхана жоқтығына шағымданып жатыр

Қонаев қаласы әкімдігінің мәліметінше, жағалауда 8 әжетхана бар

Қапшағайдағы туристер дәретхана жоқтығына шағымданып жатыр
Ашық дереккөздерден

Қапшағай су қоймасында демалушылар қоғамдық дәретханалардың аздығына шағымданды. Әкімдік алдағы туристер көп келетін маусымда мәселені шешуге уәде беріп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Туристердің айтуынша, жағалауда дәретханалар іс жүзінде жоқ. Бұл жалпы қалалық жағажайға ғана емес, сонымен қатар коммерциялық нысандардың аумағына да қатысты.

«Қапшағайда 4 күн болдық. Ең сорақысы - демалыс күндері ондаған мың турист келді. Дәретхана табу өте қиын болды. Тапқан күнде де толған кезек және іші лас. Дәретханалардың көбірек болғанын қалар едім. Бұл деген біріншіден, гигиена емес пе?» – деді алматылық турист Асылбек Сәндібеков.

Қонаев қаласы әкімдігінің мәліметінше, жағалауда 8 әжетхана бар. Оның екеуі тегін, ал қалғандары ақылы. Бір кіруге - 150 теңге. Дегенмен туристер ағылған кезде ол бәріне бірдей жетпейді, тым аз.

«Биыл ол жерге қоғамдық дәретханалар орнатуды жоспарлаған едік. Бірақ Алматы облысы бөлінуіне байланысты жоба тоқтатылды. Енді жағажайдың 5,2 шақырымында келесі жылы жаңа нысандардың құрылысын бастаймыз. Қоғамдық дәретханалар орнатамыз», – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Асхат Жексембеков.

Шенеунік жағажайды қайта жөндегеннен кейін Қапшағай көлінің жағасында амфитеатр, душ, көру алаңдары, веложолдар, пирс және бейнебақылау камералары пайда болатынын айтты.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Бүгін, 10:10

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды

Бұл туралы оның қызы Instagram парақшасында жазды
9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →