×

Семейдегі саябақта Лениннің кеуде мүсіндері алынып тасталды

Семей рухани жаңғырып жатыр!

Семейдегі саябақта Лениннің кеуде мүсіндері алынып тасталды
Шағангүл Жанаеваның Фейсбук парақшасынан

Семейдегі саябақтардың бірінде орналасқан Лениннің кеуде мүсіндері алынып тасталды. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты, ақын Мерей Қарт Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

 “Семейдегі «Ленин бюстері» келмеске кетті, Алаш арыстары тұғырға қонар кез келді!” - деп жазады ол.

Ақынның пікірін оның әріптесі, ақын, Абай облыстық мәслихатының депутаты Шағангүл Жанаева да қолдап, қуанышын білдірді. 

 “Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін коммунистік идеологияның  һәм Совет Одағының ірі көсемдерінің бюстерін қаланың әр-әр жерінен  жинап, осы бульварға әкелген болған. Бульвардың көп бөлігін алып тұрған осы мұсіндерді бүгін тасып, әкетіп жатыр екен. Таң қалдық.
Тәңірім, бұл күнді көрсеткеніңе шүкір! Талай әкім басқарды ғой қаланы. Бірде біреуінің қайраты жетпеп еді...
Семей  РУХАНИ ЖАҢҒЫРЫП ЖАТЫР!  Алаш рухты әкімдеріміз аман болсын!!! 
Қадірлі жерлестер!  Құтты болсын! Жаңарудың басы құтты болсын!”
– деп жазды Шағангүл Жанаева.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды
Бүгін, 17:28

Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады
Қуғын-сүргін бойынша деректі материалдың массиві анықталды ма

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →