×

"28 панфиловшыларға саябақта ескерткіш қойдыңыз, ал Желтоқсан саябағы қоқысқа толы": Желтоқсаншы Досаевқа неге ренжіді

Оның айтуынша, Қазақстанның егемен ел болуына үлес қосқан желтоқсаншылар қазір баспанасыз қаңғып жүр

"28 панфиловшыларға саябақта ескерткіш қойдыңыз, ал Желтоқсан саябағы қоқысқа толы": Желтоқсаншы Досаевқа неге ренжіді
bugin.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде тұрғындардың бірі Желтоқсан көтерілісіне қатысқанын, желтоқсаншыларға ешқандай құрмет көрсетілмейтінін айтып, әкімге ренішін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оның айтуынша, Қазақстанның егемен ел болуына үлес қосқан желтоқсаншылар қазір баспанасыз қаңғып жүр. 

«19 жасымда тағдырым талқандалып кетті. Қазір баспанам да жоқ. Жалғыз мен емес, желтоқсаншылардың барлығы қаңғып қалдық. Әлі күнге жалдамалы пәтерде жүрмін. Біз Қазақстанның егемен ел болуына үлес қостық. Бірақ бізге деген құрмет жоқ. Қай жерге барсаң да, көкірегімізден де итереді. Алматыда 28-ші панфиловшыларға саябақта ескерткіш қойылған. Бірақ Желтоқсан саябағында ондай ештеңе жоқ. Тек қоқыс жатыр», – дейді Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы.

Ол осы ретте әрбір әкімнің 15-20 үйі бар деп айтты. Алайда желтоқсаншыларға бірде-бір үй бұйырмағына налыды.

«Желтоқсанда алаңға елім, жерім үшін шықтым. Қазақ халқын қазақ азаматы басқарсын дедік.  Енді жүрісіміз мынау. Ешкімнің алдында бас иіп барған емеспін. Сіздің алдыңызға бірінші рет келіп тұрмын. «Аманат» партиясына да жазғанмын. Үнемі хатымызды қайтарып жібереді. Артымда ұрпағым жоқ, не пәтерім жоқ сонда өмірден қарттар үйінде барып өтемін бе? Маған әкімдердің үйінің біреуін алып беріңіз. Өлігім сол жерден шықсын», – деді әйел.

Ерболат Досаев Желтоқсан көтерілісі тұсында 16 жастағы бала болғанын, Алматыда тұрғанын айтты. 

«Сондықтан жағдайды түсініп тұрмын. Біз тығып жатқан ештеңеміз жоқ. Бәріне ашықпыз. Бірақ бәрін шеше алмаймыз. Мәселеніңізді аудан әкіміне айтайын. Одан бөлек, Арман Қырықбаев деген орынбасарым бар. Сонымен жолығып, ақылдасыңыз. Барлығы заң аясында болуы тиіс», – деді әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін қазақ тілінде тамашалауға болады
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →