×

Қызылорда балабақшасында бүлдіршінді бір топ бала жабылып ұрған

Қалалық білім бөлімі түсініктеме берді

Қызылорда балабақшасында бүлдіршінді бір топ бала жабылып ұрған
Видеодан скриншот

Қызылордада балабақшада ұл баланы өзімен жасты бүлдіршіндердің ұрғаны анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде баланың анасының шағымы жарияланды.

Анасының сөзінше, облыс орталығындағы «Аяла-Жан» балабақшасында тәрбиеленіп жатқан баласының ерні жырылып, жарақат алған. Мекеме камерасынан қараған сәтте ұл балаға бір топ бала жабылғаны көрінген. Жамбасынан теуіп, басы мен бетінен ұрған.

Аталған оқиға жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі түсініктеме берді.

«Қалалық білім бөлімі аталған балабақшаға зерделеу жұмыстарын жүргізетін болады. Мәлімет қосымша хабарланады», - делінген хабарламада.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы бұл мәселеге байланысты тиісті жұмыстар жүргізіп жатқаны айтылды.

«18 қаңтарда әлеуметтік желіде жарияланған «Аяла Жан» балабақшасында болған оқиға жөніндегі жарияланым басқарманың ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Ол бойынша құжаттар жинақталып, Қызылорда облысы білім басқармасына тиісті шешім қабылдау үшін жолданады», - деді полиция басқармасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жүлде қоры – 30 000 АҚШ доллары: Түркістан облысында мал шаруашылығының халықаралық көрмесі өтті
06.04.2025ж. 00:00

Жүлде қоры – 30 000 АҚШ доллары: Түркістан облысында мал шаруашылығының халықаралық көрмесі өтті

Көрмеде Гиннесстің рекордтар кітабына енген «Байсары» атты асыл тұқымды қой тұқымы алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды
Сондай-ақ қызметтік пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табыс етілді 
Ғарышкерлер бақжолында 110 түп ағаш отырғызылды
Қазіргі уақытта балалардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, олар амбулаториялық ем қабылдауда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →