Операция жасау туралы шешім қабылданды
№7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлерінің мультитәртіптік жұмысы қант диабеті мен жіті хирургиялық патологиясы бар жас қызды өміріне төнген қауіптен аман алып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 21 жастағы қыз қант диабетінің қауіпті асқынуымен - диабеттік кетоацидозбен, ауырсыну және интоксикациялық синдромдармен ауыр жағдайда келіп түсті. Қант диабетінің айқын декомпенсациясын, диабеттік команың кенеттен даму қаупінің жоғарылығын ескере отырып, науқас кетоацидозды жою, қосымша тексеру және одан әрі басқару емдеу тактикасын анықтау үшін шұғыл түрде эндокринология бөлімшесіне жатқызылды. Аралас емдеу тағайындалды.
Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 21 жастағы қыз қант диабетінің қауіпті асқынуымен – диабеттік кетоацидозбен, ауырсыну және интоксикациялық синдромдармен ауыр жағдайда келіп түсті. Эндокринолог, гинеколог дәрігерлердің, хирургтардың қатысуымен мультитәртіптік консилиум шақырылды, себебі пациентте жіті хирургиялық патологияның клиникалық көріністері болды. МРТ-да кіші жамбас мүшелерін қосымша тексеру кезінде құрсақ қабырғасы бұлшық етінің абсцессы анықталды. Операция жасау туралы шешім қабылданды.
«Бұл жағдайдың күрделілігі ауыр диабеттік кетоацидозы бар пациенттерде кейде диабеттік псевдоперитонит сияқты сирек кездесетін құбылыс кездеседі, ол жиі «жіті іш» бетпердесімен бүркеленеді. Бұл жағдай іштің қатты ауырсыну белгілерімен білінеді және жіті хирургиялық аурулармен дифференциалды диагностика жүргізу кезінде қиындықтар туғызады. №7 ҚКА-ның дәрігерлері ұжымының үйлесімді мультитәртіптік жұмысының арқасында қыздың өміріне қауіп төндіретін сырқат деркезінде анықталды - іштің тік бұлшық етінің абсцессіне шұғыл түрде операция жасалды, пациент қанағаттанарлық жағдайда клиникадан шығарылды, – деді № 7 ҚКА-ның эндокринология бөлімшесінің эндокринолог-дәрігері Светлана Казарян.
Дәрігердің айтуынша, қант диабетімен сырқаттанған аурулардың инфекциялық-қабыну ауруларға жоғары бейімділігімен тығыз байланысты. Бұл бақыланбайтын гипергликемияның иммундық төзімділіктің төмендеуімен, микро және макроангиопатиямен, нейропатиямен қатар жүруімен тығыз байланысты.
«Инфекциялық-қабыну процестері қант диабетінің алғашқы белгілері немесе диабеттік кетоацидоз сияқты асқынулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Бұл жағдайлар қант диабеті бар пациенттер елеулі қауіпті, өйткені олардың иммундық жүйесі кейде организмді патогенді флорадан жеткілікті қорғанысты қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар, гипергликемия екінші инфекцияның қосылуына әкелуі мүмкін, бұл жағдай сауығу процесін баяулатады» , – деп түйіндеді доктор Казарян.