×

14 жастағы қазақстандық ауыр атлетикадан екі дүркін ел чемпионы атанды

Басты мақсатым – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау

14 жастағы қазақстандық ауыр атлетикадан екі дүркін ел чемпионы атанды
Сурет: Instagram/wf_rk

14 жастағы қазақстандық ауыр атлетикадан екі дүркін ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде Ксения Прозорова ауыр атлетикадан Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды.

“Ең басты мақсатым – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау”, – дейді ол асқақ арманы жайында

Небәрі 14 жастағы жасөспірім бұл жүлделерді соңғы 9 айда жеңіп алған. Алғашқы Қазақстан чемпионатында серпе көтеруде 80 кг, жұлқа көтеруде 95 кг көтерсе, қараша айында өткен жарыста серпе көтеруде 87 кг, жұлқа көтеруде 103 кг (жалпы 190 кг) тіркеді.

Ауыр атлет қазір Азамат Нуруллаев пен Әміре Абатовтың қол астында 4 жылдан бері жаттығады. Ең басты мақсаты – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты
17.08.2025ж. 22:47

Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты

Тағыберген бірден команда ауыстырып, «Тобыл» жейдесін киген.
Тоғызқұмалақ шеберлерінің қарсыласы күрделі алгоритмдермен жұмыс істейтін интеллектуалды компьютерлік бағдарлама

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →