×

Ресми: қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды

Бұл жекпе-жек Лас Вегаста (АҚШ) өтетін кештің басты оқиғасы болады

Ресми: қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды
Фото: Mike Roach/Zuffa LLC via Getty Image

UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Dar Team командасы Instagram-дағы парақшасында Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі туралы ресми ақпарат жариялады. Рахмонов 8 желтоқсанда уақытша UFC белбеуі үшін ирландиялық Иан Гэрримен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек Лас Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирінің басты оқиғасы болады.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ Белал Мухаммад инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.

Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Шавкат MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен, жеңіліп көрмеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →