×

6 жасар қазақстандық қыз әлем чемпионы атанды

Ол қарсыласын өзіндік тәсілдерді қолдану арқылы 11:0 есебімен жеңіске жеткен

6 жасар қазақстандық қыз әлем чемпионы атанды
Сурет: Pavlodarnews.kz

Қазақстандық Хадия Қонаева Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатының ең жас чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Жарысқа павлодарлық «Sam team» клубынан 25 спортшы аттанды.

Аталмыш жарыста үшінші орын Салсабил Қонаева мен Қасымжан Рамазановқа бұйырды. Айару Салман мен Назымбек Дияр еліне күміс медаль әкелді. Ал жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына Әзиз Апаханов, Мансұр Темірбай, Ибрагим Мықтыбаев және Сирин, Хадия және Самат Қонаевтар көтерілді.

Хадия Қонаева – байқаудың ең жас жеңімпазы, небәрі алты жасында. Ол қарсыласын арқасына лақтыру және аяқтан құлату сияқты өзіндік тәсілдер арқылы 11:0 есебімен жеңіске жетті. 

«Хадия әлем чемпионатына алғаш рет келген. Ол қорқып қалады деп ойлағанмын, өйткені бір кілемде 13 татами күреседі. Бірақ Хадия аяқтан құлатып алу тәсілін қолданып, менің үмітімді ақтады. Осы сайысқа біз 1,5-2 жылдай тыңғылықты дайындадық», – деді чемпионатқа өзі қатысқан жаттықтырушы, әрі қыздың әкесі Самат Қонаев.

Қайнар мектебінде оқитын алты жасар Хадия қалалық жарыстардың чемпионы және Қарағандыда өткен ашық республикалық турнирдің финалисі болды.

Бапкердің айтуынша, әлем чемпионаты тосын сыйларға толы салмақты жарыс.

«Шәкірттерімнің жеңісіне сенімді болдым. Бірақ бұл әлем чемпионаты болғандықтан, бір қателік сізді жеңіліспен үйге қайтаруы мүмкін. Мысалға, менің шәкіртім бразилиялықпен жарысып, ұпай саны бойынша алда келе жатқан. Бірақ құлап, қарсыласына екі ұпай беріп, жеңіліп қалған», – дейді Самат Қонаев.

Чемпиондарды туған жерінде мерекемен қарсы алды. Кейбір спортшыларға туған ауылдарында ат пен ақшалай сертификаттар табысталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ол Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінде өнер көрсетіп жатыр
Бүгін Президент Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жас спортшылармен кездескен
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені инвесторлар қаржысына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →