×

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогында алтын медальға ие болды

Финалдық бәсекеде Қазақ спортшылары Франция құрамасымен кездесіп, камбэк жасаған

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогында алтын медальға ие болды
Сурет: Olimpic.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шпагамен семсерлесуден Бахрейннің Манама қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеп отыр.

“Командалық жарыста Қазақстан намысын Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов қорғады. Ширек финалда біздің семсерлесушілер Сауд Арабиясынан 45:36 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата жеңді. Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасы Франциямен кездесті. Семсерлесу барысында ұлттық құрама есе жіберіп жатса да, керемет камбэк жасап, 44:43 есебімен жеңіске жетті.  Қыздар құрамасы төртінші орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында Каролина Фомина, Кристина Красикова, Наталья Зинякова және Арина Яковлева өнер көрсетті”, – делінген ҰОК хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«АТЫРАУ» футбол клубы коммерцияланды
17.04.2026ж. 20:19

«АТЫРАУ» футбол клубы коммерцияланды

Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды
Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі
Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегі зор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →