×

Рыбакина Майамидегі турнирдің финалында 10 жас үлкен теннисшіден жеңілді

Ол шешуші кезеңде әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен жолықты

Рыбакина Майамидегі турнирдің финалында 10 жас үлкен теннисшіден жеңілді
© Фото : Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалында жеңілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол шешуші кезеңде әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен жолықты. 

Видео: Telegram 


Бірінші сет аса тартысты өтті. Есеп 6;6-ға дейін жетіп, жеңімпаз тай-бректе анықталды. Мұнда да қос теннисші беріспей, ұзақ ойнады. Дегенмен  Квитованың жолы болды. Тай-бректің қорытынды есебі - 16:14.
Ал екінші кезеңде Рыбакина көп ештеңе бітірмеді. Чехиялық тенисші 6:2 есебімен оңай ұтты.
Қорытынды есеп 7:6 (16:14), 6:2 Квитованың пайдасында.
Осылайша, Елена қатарынан екі жарысты жеңе алмады. Ол екі апта бұрын Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде топ жарған болатын.
Теннисші Елена Рыбакина ойынға қатысты пікір білдіріп, Петра Квитованы жеңісімен құттықтады. 

- Әрине, Петра сені және командаңды жеңісіңмен құттықтаймын! Биылғы маусымға сәттілік тілеймін. Сосын Майами турниріне қатысы барлардың барығына алғыс білдіремін. Мұндай ұзақ дистанцияға төтеп беру оңай емес. Осы жетістіктің бәрі команданың арқасы. Біз әрі қарай жұмысымды жалғастырамыз, - деді Елена Рыбакина.

Жалпы, Рыбакина бір жылда, Аустралия ашық чемпионаты, Индиан-Уэллс және Майами турнирінің финалында ойнаған әлемдегі алтыншы теннисші. Бұған дейін мұндай жетістігімен Моника Селеш, Штеффи Граф, Линдси Дэвенпорт, Мартина Хингис және Мария Шарапова ғана мақтана алатын. 

Еске сала кетейік, WTA 1000 санатындағы жарыстың финалын әйгілі кәсіпқой боксшы Майк Тайсон тамашалады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →