×

Адиев Айымбетовті неліктен ойын соңында алаңға шығарғанын айтты

Сондай-ақ бапкер қазіргі нәтижені жетістік деп санамайтынын айтты

Адиев Айымбетовті неліктен ойын соңында алаңға шығарғанын айтты
kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеуінде Солтүстік Ирландияны жеңген матчтан кейін бірнеше сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ең әуелі Адиев Айымбетовке қатысты жоспарын айтты. 

«Иә, бір рет гол соқты. Біз ойынға дейін онымен сөйлестік. «Мен сені құрамға қоспаймын. Сол себепті ашулы болуың керек. Кімге ашулансаң да өз еркің, бірақ сені ойынға қоспағаным үшін маған ашуланғаның дұрыс болар», - дедім. Бұл нәтижесін берді», –  деді Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

Бапкер қазіргі нәтижені жетістік деп санамайтынын айтты. 

«Жоқ, бұл – тек аралық нәтиже. Бізді аралық нәтиже бойынша бағаламайды, футболшылар сәл жақсы да, сәл нашар ойнауы да мүмкін. Нәтиже істің соңында есептеледі. Сондықтан мен спортшыларға әрдайым айтамын: «Бізді тек жыл соңындағы ісіміз бойынша бағалайды, бұл шын мәнінде солай», – деді Магомед Адиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →