×

«Олимпиада атмосферасын тек финалда ғана сезіндім»: Демеу Жадыраев күміс медаль иеленгеннен кейінгі әсері жайлы айтты

Бұл күрес түрінен 77 келі салмақта бұған дейін еліміздің атымыздан ешкім Олимпиаданың финалына шықпаған

«Олимпиада атмосферасын тек финалда ғана сезіндім»: Демеу Жадыраев күміс медаль иеленгеннен кейінгі әсері жайлы айтты
Фото: Сали Сабиров

Грек-рим күресінен 77 келіде күміс жүлде алған Демеу Жадыраев жарысты қорытындылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қаншама еңбек, тәжірибемді Париж Олимпиадасында салдым. Финалға дейін жеттім. Бірақ шешуші белдесу сәл жетпей қалды. Олимпиада атмосферасын тек финалда ғана сезіндім. Басқа турнирлерде 2-орын алсаң да, бұйырғаны деп кете бересің. Ал осы жердегі сезім басқаша. Геннадий Головкин қолдауын білдірді. Көңіл-күйіңді түсірме, еңсеңді биік ұста деді. Қолдау танытқан барша қазақ халқына алғысымды білдіремін. Кешелі бері құттықтап, чемпион атандырып қойды. Бұл эмоцияма әсерін тигізіп, сәл босап қалдым. Басқа жазғанға көнеміз!»

Айта кетейік, греко-рим күресінен 77 келі салмақта бұған дейін еліміздің атымыздан ешкім Олимпиаданың финалына шықпаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →