×

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды

Облыс әкімі жерлесіміздің жеңіп алған күмісі қазақ күресі үшін тарихи оқиға екенін атап өтті

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадраев елге оралды. Жеңімпазды Алматы халықаралық әуежайында оның отбасы мен туған-туыстары, достары, жанкүйерлері, журналистер, Алматы облысы әкімдігінің және ҚР Қорғаныс министрлігінің Армияның спорт клубы орталығының өкілдері зор құрмет-қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олимпиада жеңімпазын құттықтаған Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев Демеу Жадыраевтың жетістігінің маңыздылығын айта келе, 77 келі салмақта жерлесіміздің жеңіп алған күмісі қазақ күресі үшін тарихи оқиға екенін атап өтті.

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылынан шыққан Демеу Жадыраев 12 жасынан күреспен айналыса бастаған. Тынымсыз жаттығулардың арқасында ол айтарлықтай жетістіктерге жетті: Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ спорт және туризм академиясының шебері, әскери қызметкерлер арасында Азия және әлем чемпионаттарының қола жүлдегері атанды.

Париждегі Олимпиада ойындарында Жадыраев шешуші белдесуде жапондық атақты палуан Нао Кусакамен кездесті. Боз кілемдегі кездесу қорытынды есеппен Нао Қусаканың пайдасына шешілді. Сөйтіп, Демеу күміс жүлдені қанағат тұтты.

Спортшы Жадыраев күміс медаль иеленгеннен кейінгі әсерімен бөлісті

Париждегі чемпиондар саябағында атлеттерді құрметтеу кешіне қатысқан қазақстандық балуан Демеу Жадыраевқа 10 мың жанкүйер құрмет көрсетті

Бұған дейін Демеу Жадыраев ширек финалда қырғызстандық Ақжол Махмудовты сенсациялық жолмен жеңсе, жартылай финалда әзірбайжандық Санан Сулеймановты 6:1 есебімен ұтқан еді.

Демеу Жадыраев өз шәкірттері үшін жанын салып, барын беріп келген алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбековтің балаларды жарысқа апару үшін жүгері де сатқанын еске алды.

Олимпиаданың күміс жүлдегерінің анасы Күлипа Бижанова ұлы Демеу Жадыраев Олимпиадаға жолдама ұтып алғанда, бес  жыл күткен тұңғышы Дананың өмірге келіп жатқан. туралы әңгімелеп берді

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →