×

Сенсация: Демеу Жадыраев екі дүркін әлем чемпионын жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Ол 77 келі салмақта бақ сынауда

Сенсация: Демеу Жадыраев екі дүркін әлем чемпионын жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті
Фото: Тұрар Қазанғапов

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

77 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Демеу Жадыраев ширек финалда Қырғызстан өкілі Ақжол Махмудовпен белдесті. Бұл кездесуде қазақстандық балуан 3:1 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Демеу Жадыраев – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері. Ал Ақжол Махмудов – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы. Демеу Жадыраев 1/8 финалда Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресіп, мерзімінен бұрын 8:0 есебімен жеңген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында елімізде теңдесі жоқ жаңа заманауи волейбол орталығы ашылды
Бүгін, 13:37

Жетісу облысында елімізде теңдесі жоқ жаңа заманауи волейбол орталығы ашылды

Жаңа волейбол орталығында екі жаттығу бөлмесі бар
Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде топ жарды
Ол қазақстандық журналист берген сұхбатында сыйлықтардан бас тартқанын айтты
12 қыркүйекте қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен қырғыз спортшыларынан басым түскен болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →