×

Бюджет ақшасын депозитке салып, сыйақы алып отырған - Қостанайлық жаттықтырушының ісі әшкере болды

Ол алты миллион теңгеге жуық қаржыны заңсыз иемденіп, үстінен сыйақы алып келген

Бюджет ақшасын депозитке салып, сыйақы алып отырған - Қостанайлық жаттықтырушының ісі әшкере болды
Сурет: bank-explorer.ru: UGC

Қостанайда шорт-трек жаттықтырушысы  бюджет ақшасын заңсыз жолмен жылыстатты және ұрлады деп айыпталуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шорт-трек жаттықтырушысы айыпталды. Іс материалдары бойынша, ол жарыстарға жұмсалған қаржыданкөбірек ақша жұмсағаны туралы жалған есептер жасаған.

Бұл ретте тәлімгер жарысқа топ құрамында шықпаған адамдарды да көрсеткен. Осылайша ол алты миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған.

"Ол ұрланған ақшаны депозиттік шотқа аударған. Сол жерден ол ай сайынғы сыйақыны 9,6% пайыздық мөлшерлемемен алып отырған. Жария етілген қылмыстық табыс сомасы (депозит бойынша сыйақы) 613,1 мың теңгені құрады", — деп хабарлайды Қостанай облысының прокуратурасы.

Жаттықтырушының бар мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс сотқа жіберіліп, толық мән-жай нақтыланып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әмір Омарханов теннистен Мексикада өткен жарыста жеңімпаз атанды
Кеше, 12:07

Әмір Омарханов теннистен Мексикада өткен жарыста жеңімпаз атанды

Ол  ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сайыста жеңіске жеткен
Олар 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы қаражатты жылыстатқан
Бұл іске клубтың экс-президенті Григорий Лорияның қатысы бар болып шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →