7 пайыз: Қазақстанда 1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Qaz365.kz редакциясы

Министрдің айтуынша, жеңілдетілген автонесиемен болған оқиға қайталанбайды

Фото: canva.com

Қазақстанда 1 мамырдан бастап жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бағдарламаның барлық шарты 1 мамырда жарияланады.

«Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Отбасы банкі» қазір 300 миллиард теңге тартып отыр. Бұл бағдарламаның жалпы сомасы (қаржыландыру – автор түсіндірмесі). Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. 1 мамырда біз бағдарламаның барлық шартын толықтай хабарлаймыз. Бағдарлама 1 мамырдан бастап іске қосылады», – деді Қанат Шарлапаев.

Министрдің айтуынша, жеңілдетілген автонесиемен болған оқиға қайталанбайды. Яғни өтініш қабылдау 18 секундта аяқталмайды.  Министр "Отбасы банкі" ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқанын және ипотекалық несиелерді таратуда өзін жақсы жағынан көрсете білгенін атап өтті.