Ауруханада жатқан Жүрсін Ерманды вице-министр марапаттады

Qaz365.kz редакциясы

Марапатты вице-министр ауруханаға апарып табыстады

Facebook.com/Журсин Ерман

Республика күні қарсаңында ақын Жүрсін Ерман мемлекет басшысының жарлығымен «Отан» орденімен марапатталған. Марапатты вице-министр ауруханаға апарып табыстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүндібаев ақын жатқан ауруханаға барды. Соңғы кездері денсаулығына байланысты мұндай жиын-тойлардан сырт қалып жүрген азаматты бір қуантып қойды.

Жүрсін Ерманға бұл марапат 40 жылдан астам уақыт ұлық өнер, елдің ойын жеткізуші публицистикалық жанр – айтыстың көшін бастап, дамуына айрықша үлес қосып келе жатқаны үшін берілді. 

Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы төрағасының денсаулығы былтырғы жылдан бері күрт нашарлап кеткен болатын. Тіпті, Еуропаға да барып емделіп келген еді. Қазіргі кезде арбаға таңылған ақын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі көмек қолын созғанын айтқан еді.