Түркістан облысында оқушылар сабақ үстінде карта ойнағаны үшін мектеп директоры жұмыстан босатылды

Qaz365.kz редакциясы
видеодан кадр

Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде орын алған шулы оқиға жаппай кадрлық тазартумен аяқталды. 11-сынып оқушылары сабақ үстінде карта ойнап отырғанда, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі бұл жағдайға мән бермей, телефонмен сөйлесіп отырған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Білім басқармасы жүргізген тексеруден кейін оқу орнының барлық дерлік басшылық құрамы қызметінен айырылды. Мектеп директоры тараптардың келісімімен жұмыстан босатылса, оқиғаға жол берген педагог өз еркімен қызметінен кетті. Сондай-ақ, тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлар да орындарын босатты.

Тәртіп бұзған жоғары сынып оқушыларының ата-аналары да назардан тыс қалған жоқ: оларға ресми түрде ескерту жасалды.