Талғар ауданында 20 жастағы жігіттің қазасынан кейін 4 күдікті ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

2026 жылғы 12 сәуірде Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылында топтасып жасалған шабуыл салдарынан 20 жастағы Анвар Мұсаев қаза тапты. Марқұмның туыстары оқиғаға 10-нан астам адамның қатысы бар екенін айтса, Алматы облысының полиция департаменті ресми түрде төрт күдіктінің ұсталғанын және «кісі өлтіру» мен «бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық істер қозғалғанын хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция күдіктілердің қамауға алынғанын мәлімдеді.

«Жедел таратылған бағдарлар арқасында 20 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, бұзақылық дерегі бойынша тағы үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан бөлек, сот екі адамға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім қабылдады. Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық қудалау органы тарапынан қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ оқиғаға қатысты барлық куәгерлер анықталып, қылмыстық іс аясында жауап алынды», – деді полиция хабарламасында.

Тергеу барысында тараптардың барлық уәждері мұқият тексеріліп жатыр. Істің тергелу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Алдын ала дерекке сәйкес, сөзге келу соңы жаппай төбелеске ұласқан. Сол сәтте Әнвар Мұсаев пышақ жарақатынан көз жұмған. Марқұмның отбасы бұл оқиға алдын ала жоспарланған болуы мүмкін деп санайды және оқиға орнында болған барлық адамды жауапқа тартуды талап етіп отыр. Олар өз уәждерін бейнежазбалар мен ондаған куәгердің айғақтарын алға тартып отыр.

Айта кетейік, Астанадағы тұрғын үй кешенінде «қару-жарақ табылды» деген ақпарат төңірегіндегі дауға байланысты депутат Мұрат Әбенов жаңа мәлімдеме жасап, Ішкі істер министрлігінің түсіндірмесін сынға алды.