Алматыда автокөлік жүріп бара жатып өртенген

Qaz365.kz редакциясы

Өрттің алдын ала себебі – газ-ауа қоспасының жануы

Видеодан кадр

Алматыда Toyota Land Cruiser автокөлігі жүріп бара жатып өртенген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, оқиға 3 маусымға қараған түні әл-Фараби мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған.

"2003 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 6 шаршы метр аумақта өртенген. Өрт 2:57-де оқшауланып, 3:03-те сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі – газ-ауа қоспасының жануы. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мен жолаушы салоннан кетіп үлгерген, олар ауруханаға жатқызудан бас тартқан", - деді ТЖД өкілдері.