Қызылордада «Amanat» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушылармен кездесті
Қызылордада Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Amanat» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушылармен кездесті. Онда партияның қолдауымен алдағы 5 жылда аймағымызда атқарылар жұмыстар барысын баяндады.
Кездесуде сөз алған облыстық мәлихат депутаттығына үміткер Мақсұт Нәлібаев «AMANAT» партиясы қаланың әрбір тұрғынының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік жасайтын экономиканы құру жоспарлап отырғандығын жетікізді.
«Ол үшін: экономиканы дамытудың негізгі бағыты өнеркәсіп, шикізатты өңдеу салаларына басымдық беріліп отыр. Қала экономикасының тұрақты дамуы үшін «Өндіріс» индустриалды аймағын дамыту маңызды болып отыр. Бұл орайда облыста 8 ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. «Шалқия», «Баласауысқандық» кен орындарының іске қосылып, 2,2 мың жұмыс орындарын құруға ықпал етеміз. Бұл партияның қаламызды дамытудағы алға қойып отырған 5 басым бағытының бірі», – деді ол.
Үміткер Бақдәлет Мақашов: «Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр. Сондықтан алдағы жауапты кезеңде ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді. Сонымен бірге, партияның сайлауалды бағдарламасы елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған екендігін тілге тиек етті.
Жиын барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрбол Аппазов партияның өңірдің экологиялық жағдайды жақсарту бағытында «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын қалпына келтіру» және «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобаларын іске асырылатындығын айтса, Медет Жорабек Сыр жастарының баспана және кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетудің партия назарынан тыс қалмағанын жеткізді.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді