Ердоған халықтан кешірім сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында қайталанған 5,6 баллдық жер сілкінісінен Малатия қаласында 30 шақты үй қирады

bursamuhalif.com

Ердоған халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы мәлімдемені ол Адияман провинциясына барғанда жасады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында қайталанған 5,6 баллдық жер сілкінісінен Малатия қаласында 30 шақты үй қирады, бір адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланды.

Президент Реджеп Тайып Ердоған болса, алапат зілзала кезінде құтқару жұмыстары кешіккені үшін халықтан кешірім сұрады.

"Жер сілкінісінің жойқын әсері мен ауа райының қолайсыздығынан алғашқы бірнеше күнде қалауымызша жұмыс істей алмадық», - деді Түрік Президенті.

Айта кетсек, бірер күн бұрын Ыстанбұлдың стадиондары мен көшелеріне мыңдаған адам жиналып, «Үкімет отставкаға кетсін!» деп ұрандатты.

Естеріңізге сала кетсек, 6 ақпанда Түркия мен Сирияда болған жойқын дүмпулерден 50 мыңнан астам адам мерт болып, 520 мыңдай пәтер құлап, 1,5 миллиондай тұрғын баспанасыз қалды.