Инфляция 2023 жылғы ақпанда 21,3%-ды құрады

Qaz365.kz редакциясы

Қызметтер арасында әуе жолаушылар көлігі бағасы қымбаттады

Ашық дереккөздерден

Инфляция 2023 жылғы ақпанда жылдық есеппен 21,3%-ды құрады, деп хабарлайды qaz365.kz.

Ақпан айында пияз 28,5%-ға, қызанақ 17%-ға қымбаттады. Әуе жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы 21,5%-ға өсті.

2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда:

  • пияз 105 %-ға
  • кір сабын – 90,3 %-ға
  • кеңсе тауарлары – 71,8%-ға
  • қияр – 56,8 %-ға
  • ағартқыштар, балаларға арналған сабын – әрқайсысы 56,3%-ға
  • қант – 55%-ға
  • консервіленген сүт – 49,1%-ға
  • күріш – 44,9%-ға
  • макарон өнімдері – 41,1%-ға
  • ұн – 40,2%-ға қымбаттады.

Өңірлердің арасында ең жоғары айлық инфляция Алматы облысында тіркелген – 1,8%. Ең төмені - Қызылорда облысында – 0,7%.

- Қызметтер арасындағы ең үлкен өсім – әуе жолаушылар көлігі бағасының 21,5 %-ға қымбаттауы.