Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Оның басты миссиясы – АҚШ-қа тікелей рейстерді іске қосу

Көлік министрлігі

2026 жылдың 4 мамырынан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның бас атқарушы директоры лауазымына Майкл Дэниел тағайындалды. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа басшының азаматтық авиация саласында 40 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.

Майкл Дэниел еңбек жолын АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігінде (FAA) бастап, ұшу қауіпсіздігі, сертификаттау және халықаралық бағдарламалар саласында басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ ол Азия-Тың мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) маңызды жобаларды басқарды.

Жаңа басшының алдында тұрған басты міндеттердің бірі – Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу. Министрлік өкілдері бұл тағайындаудың стратегиялық маңызын былай деп атап өтті:

«Майкл Дэниелдің FAA мен халықаралық ұйымдардағы бай тәжірибесі Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және Нью-Йоркке тікелей рейстерді іске қосу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді».

Айта кетейік, Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейстерді ашу мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Бұған дейін Көлік министрлігі әуе қатынасы 2025 жылдың соңында басталуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Алайда Boeing және Airbus концерндерінің ұшақ жеткізу мерзімін кейінге шегеруіне байланысты жоба уақытша тежелді. Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың мәліметінше, Нью-Йоркке алғашқы рейстер осы жылдың соңына дейін іске қосылуы ықтимал.