Алматы облысында әлсіреген қар барысы табылды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір ол Алматы хайуанаттар бағында

Алматы облысында тұрғындар әлсіреген қар барысын тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жазба авторы видеоның Алматы облысында түсірілгенін айтады. Бұл туралы түсініктеме берген Экология министрлігінің баспасөз қызметі әлсіреген барысты жергілікті тұрғын мал жайып жүріп тауып алғанын хабарлады.

"19 сәуірде Райымбек ауданы ІІБ кезекші бөліміне Сарыбастау ауылының тұрғынынан мал жаю кезінде әлсіреген қар барысы табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына «Охотзоопром» МҚК инспекторлары, Райымбек аудандық ішкі істер бөлімінің, табиғатты қорғау полициясының қызметкері шығып, акт түзілді”, –  деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ал 20 сәуірде Қызыл кітапқа енген жануар Алматы зообағына жеткізілді.