Оралдықтарды алдаған қаржы пирамидасының жетекшісі ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол бір емес, екі бірдей жобамен жұрттың 120 миллион теңгесін қалтасына басқан

фото: ашық дереккөзден

Оралдықтарды алдап кеткен қаржы пирамидасының жетекшісі қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бір емес, екі бірдей жобамен жұрттың 120 миллион теңгесін қалтасына басқан. 

Күдікті әйел жұртты "әр салған ақшаңнан 24 пен 54 пайыз аралығында табыс табасың" деп алдаған. Имандай сенген халық қолындағы бар қаражатты бере салып, енді бақыр тиынға жете алмай сенделіп жүр. Қаржы мониторингі агенттігі мұндай күмәнді ұйымдарға ақша құю қауіпті екенін айтады. Бірақ бұл ескертуге мән беріп жатқан ешкім жоқ.

“Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген азаматша ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр”, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.