Ердоған Тоқаевқа TOGG электромобилін сыйға тартты

Qaz365.kz редакциясы

Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды

Ақорда

Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.