Алматыда сулы қар жауады

Qaz365.kz редакциясы

Көлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстыру ұсынылады

hvylya.net

«Қазгидромет» РМК болжауынша, осы жылдың 12 қараша мен 15 қараша аралығында Алматы қаласында жабысқақ қар жауады. Түнде ауа температурасы –4 градусқа дейін төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осыған орай, көлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстыру ұсынылады.

“Жолға мұз қатуы мүмкін, жүргізушілерді өте мұқият болуға, арақашықтықты, бүйірлік аралықты сақтауға, қолайсыз ауа-райын ескеріп, жылдамдықты асырмауға, шұғыл бұрылмауға және тежегішті бірден баспауға, жол белгілерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер жолда абайлап жүріп, мүмкіндігінше сақ болуы керек, жүргізуші сізді көріп, өткізіп жібергеніне көз жеткізіп, көлік құралы жауын-шашын кезінде, әсіресе көктайғақта бірден тоқтай алмайтынын есте сақтау қажет”, – деп хабарлады Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жедел және сапалы жұмыс жүргізуі үшін көлік иелерінен мүмкіндігінше қалада қозғалысты шектей тұруын, машинаны жолдың жиегіне қоймауын сұраймыз.

Көктайғаққа қарсы жұмысқа 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника және 1 240 жұмысшы жұмылдырылды.