Журналист Думан Мұхаметкәрімге Мәжіліске кандидат болуға рұқсат берілмеді

Qaz365.kz редакциясы

Өзінің айтуынша, себеп – соңғы 10 жылда елдің бір жерінде тұрақты тұрмауы

фото Мұхтар Тайжанның  facebook парақшасынан

Журналист Думан Мұхаметкәрімге Мәжіліске кандидат болуға рұқсат берілмеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Бұл туралы Мұхтар Тайжан өзінің FB парақшасында мәлімдеді.

Өзінің айтуынша бұның басты себебі – соңғы 10 жылда елдің бір жерінде тұрақты тұрмауы.

Думан Мұхаметкәрімге Мәжіліске кандидат болуына рұқсат бермеді. Себеп - соңғы 10 жылда елдің бір жерінде тұрмаған екен. Бірақ Заң бойынша үміткер соңғы 10 жылда Қазақстанда тұрса болды, - бір мекен жайында тұру шарт жоқ!

Беспредел басталды. Міне сіздерге "жаңа" Қазақстанның әділетті сайлауы”, – деп жазды ол.

Талабының орындалмауын журналист заңсыз деп санайды. Заң бойынша, кандидат ретінде тіркелетін адам "соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында тұруы керек". Думан Мұхамедкәрім кейінгі он жылда "бірнеше өңірде тұрсам да, ел аумағынан кетпегенмін, шетелде тұрмадым" деп, өзінің бірнеше аймақта тұруын журналистік қызметімен түсіндіреді.

Елімізде 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары кезектен тыс сайланады. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.