Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Qaz365.kz редакциясы

Кеше Түркиядағы президент сайлауының алдын ала нәтижесі шыққан болатын

AFP 2023 / ADEM ALTAN

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Режеп Тайип Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді", - деді Президент Twitter-парақшасында.

Еске салайық, кеше Түркиядағы президент сайлауының алдын ала нәтижесі шыққан болатын. Түркиядағы және шетелдік өкілдіктер мен шекара бекеттеріндегі бюллетеньдердің 99,43 пайызын өңдегеннен кейін Ердоған 52,14 пайыз, Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаңа президенті болып сайланды.