Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов оныншы рет кездеседі

Qaz365.kz редакциясы

Екі боксшы осыған рет 9 рет жолыққан

Qaz365.kz коллажы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокстан ерлер арасында финалистер толығымен анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аса ауыр салмақта (92 келідегі жоғары) финалда өзбек алыбы Баходир Жалолов пен біздің Қамшыбек Қоңқабаев кездеседі. Жекпе-жек 5 қазанда өтеді. 

Отандасымыз үндістандық Нариндеерді 5:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Ал Жалолов Қытайдағы этникалық қазақ боксшысы Байқоныс Данабекті нокаутқа түсірді.

Екі боксшы осыған рет 9 рет жолыққан.
2019 жылға дейін Қоңқабаев 3:1  есебімен алда тұрған. Одан кейін жерлесіміз қатарынан алты рет ұтылды.