Азия ойындарының күміс жүлдегері Жәмила Бақбергеноваға пәтер кілті табысталды

Qaz365.kz редакциясы

Жәмила Бақбергеноваға пәтер кілті табыс етілді

Фото: gurk.kz

Бүгін Астанада әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергеноваға пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Аслан Қаженов хабарлады.

«Жәмилаға пәтер кілті табысталды. Бүгін елорда әкімдігінде салтанатты шара өтіп, Жәмила Бақбергеноваға ерекше құрмет көрсетілді. Оның бүгінге дейінгі жетістіктері ескеріліп, 1 миллион теңгенің сертификаты мен 1 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Құтты болсын!», – деп жазды журналист.

Еске салайық, Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен 76 келіге дейінгі салмақта 2023 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған еді.