Қазақстан су спортынан әлем чемпионатында тарихи алтынға қол жеткізді

Qaz365.kz редакциясы

Төрешілер спортшылардың өнерін жоғары бағалады

Фото: Халықаралық су спорты түрлері федерациясы

Бүгін Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандастарымыз Эдуард Ким мен Нарғыза Болатова әртістік жүзуден алтын медаль (аралас жұп, техникалық бағдарламада) алды. 

Бұл – Қазақстанның су спорты түрлерінен әлем чемпионатында иеленген алғашқы алтыны. 

Ұлттық құраманың қос спортшысы финалда 228,0050 ұпай жинады. Төрешілер бағдарлама қиындығы жағынан олардың өнерін жоғары бағалады (31.5000 балл). 

Сондай-ақ бұл Қазақстан атлеттерінің су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі. 

Бірінші жүлдені былтыр Жапонияда өткен әлем чемпионатында техникалық бағдарламада Эдуард Ким (қола медаль) жеңіп алған.

Күміс медаль Қытай құрамасына (Вэньтао Чэн мен Хаоюй Ши), қола жүлде Мексика командасына (Миранда Хименес пен Диего Каррильо) бұйырды.