×

Мүшкіл жағдайдағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зерттеуге 317 миллион теңге бөлінді

Зерттеу аяқталған соң ғылыми жаңғырту жұмысы жүргізілмек

Мүшкіл жағдайдағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зерттеуге 317 миллион теңге бөлінді
ашық дереккөзден

Қазір кесененің күмбезі мен кей бөлмелерінің қабырғасы ылғал тартып, тұзы шығып тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Хабар» агенттігіне сілтеме жасап. 

Сәулетшілер Кеңес заманында кесене айналасында жерасты суын реттеп отыратын дренаждар мен бірнеше ұңғымалар қазылғанын айтады. Алайда уақыт өте келе істен шыққан. Биыл «Кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарына» қазынадан 317 миллион теңге бөлінді. Кесененің қабырғалары мен күмбезіне ылғал мен ауаның тығыздығын анықтайтын есептегіш құралдар орнатылған. 

«ҚазҚайтаЖаңарту» РМК Бас директорының орынбасары Исабек Нұрмағамбетовтің айтуынша, Ресейдегі реставрация ғылыми-зерттеу институты мамандарымен келіссөз жүргізіп жатыр. Зерттеу аяқталған соң ғылыми жаңғырту жұмысы жүргізілмек.

Еске сала кетейік, мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бүгінгі мүшкіл жағдайы туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке сауал жолдаған болатын. Ол вице-премьерден кесененің айналасындағы сапасыз, олқылықтары көп құрылыстарды кешіктірмей реттеуге және кесенеге төнген қауіптің алдын алуға назар аударуын сұрады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді
13.05.2024ж. 10:19

«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді

Сәбит Мұқановтың қызы әкесінің кітабын түпнұсқада оқи алмайтынын мойындады
Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →