×

Астанада қандай пәндердің мұғалімдері жетіспейді

Астанада 2025 жылға дейін қанша мектеп көзделген?

Астанада қандай пәндердің мұғалімдері жетіспейді
Фото: ашық дерекөзден

Астанада қандай пәндердің мұғалімдері жетіспейтінін Qaz365.kz тілшісі Астана қаласының білім басқармасынан алды. 

«Педагогке тапшылық» 

Қазір  жұмыс іздеп жүрген жас мамандар, мұғалімдер көп. Сондықтан Астананың мектептеріне қандай пәндердің мұғалімдері жетіспейтінін де білгіміз келген. 

«Бүгінгі таңда Ұлттық білім беру деректер базасына сәйкес Астана қаласы бойынша білім беру ұйымдарында 25 496 педагог білім беруде, педагогке тапшылық - 154 адам. 

Жоғары білімді педагогтердің үлесі 98,5% құрайды. Жаңа форматтағы біліктілік санатымен 18 494, яғни 72,5 % педагог жұмыс істейді. 

2018 жылдан бастап қала әкімдігі педагогикалық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады. Биыл грант бойынша 369 жоғары білім беру ұйымын аяқтап, білім беру ұйымдары арасында бөлінді. Сондай-ақ Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 135 түлегі мектептерге бөлінді» - делінген басқарма мәліметінде.

Қазір мектептен жұмыс іздеу үшін бұрынғыдай түйіндеме таратып жүрмейсіз. НОБД деген сайтқа кіріп, тіркеліп, мамандық бойынша өтінім бере аласыз. Білім басқармасының көрсеткен жауабында «Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модуліне сілтеме көрсетілген. Яғни,  http://hr-nobd.iac.kz аталған база республикалық деңгейде болуы себебінен, басқарма тарапынан ұсыныстар беріліп отырады екен. 

«Жайлы мектеп» жобасы

Астанада 2025 жылға дейін қанша мектеп көзделген? Ол қандай мектеп болады? 

«Жайлы мектеп» жобасы аясында барлығы 90 мың оқушыға арналған 24 мектеп салынады. Олардың 15-і Есіл мен Нұра аудандарында орналасатын болады. Осылайша, 2028 жылға дейін екі ауысымда 200 мыңға жуық оқушы орнына арналған 80-нен астам мектеп салынады. Сонымен қатар 2025 жылы 25 мектептің құрылысы салынып пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Мектептердің оқыту тілі және бағыты пайдалануға берілгеннен кейін анықталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада бір ғана орыс мектебі қалды: аралас мектептерде оқушы көбейген
Бүгін, 11:41

Астанада бір ғана орыс мектебі қалды: аралас мектептерде оқушы көбейген

2024-2025 оқу жылы Астанада жалпы білім беретін мектептер саны – 188
Ол өзі бұрын министр болған кезде 100 млрд-тан астам қаржы керектігін есептеп шығарған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →