×

Көше ортасында кішкентай баланы ұрып-тепкілеген ер адам ұсталды

Оқиға Ақмола облысы Степногорск қаласында орын алған

Көше ортасында кішкентай баланы ұрып-тепкілеген ер адам ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр

Степногорск қаласында көше ортасында кішкентай баланы ұрып-тепкілеген ер адам ұсталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы  Ақмола облысының полиция департаменті хабарлады.

Әлеуметтік желіде Степногорск қаласында бейнебақылау камерасына түсірілген видео жарияланды. Видеодан ересек ер адамның кішкентай баланы бірнеше рет ұрып, тепкілегенін көруге болады. 

"Менің балам өзін бірнеше рет балағаттаған баламен төбелескені үшін оның әкесі тарапынан психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырады. Осындай агрессивті ересектердің өздерін дұрыс ұстауы және балаларымыздың құқығы қорғалуы үшін осы ақпаратты таратуды сұраймын", – дейді жәбірленуші баланың анасы. 

Ақмола облысының полиция департаменті балаға қол көтерген ер адамның жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

"Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке алу шаралары жүргізілуде. Жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиесінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады", – делінген  Облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →