×

Алматыда мәйіттерді қорлаған күзетші қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Ол қайтыс болған адамдардың денелеріне қол жүгіртіп, интим жерлерін ұстаған

Алматыда мәйіттерді қорлаған күзетші қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Сурет: Shutterstock.com

 

Алматыдағы мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адамдардың денелерін қорлады деп айыпталған “некрофилия ісі” бойынша сот үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Ер адам бірнеше рет қайтыс болған адамдардың денелеріне қол жүгіртіп, интим жерлерін ұстағаны үшін айыпталған. Сонымен қатар, ол бұл әрекеттерді видеоға түсіргені анықталды.

Сот талқылауы барысында ер адамның ақыл-есі дұрыс емес екені белгілі болды. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес Б.-ны ҚР ҚК-ның 314-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Қайтыс болған адамдардың денелерін және олардың жерленген орындарын қорлау") бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату және қылмыстық істі тоқтату. ҚР ҚК-ның 91-бабы 1-бөлігі 1-тармағына, 93-бабы 1-бөлігі 3-тармағына сәйкес айыпталушыға арнайы психиатриялық стационар жағдайында мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану тағайындау", – делінген сот шешімінде.

Еске сала кетейік, Алматыда мәйітхана күзетшісі мәйіттерді зорлап, оны видеоға түсіргені туралы 2024 жылдың сәуір айында белгілі болғанын жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →