×

Түркістан облысында екі әйел дүкеннен азық-түлік ұрлаған

Аталған оқиға Бәйдібек ауданында болған

Түркістан облысында екі әйел дүкеннен азық-түлік ұрлаған
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында дүкеннен азық-түлік ұрлаған әйелдердің әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

Аталған оқиға Бәйдібек ауданында болған. Аудандық полиция бөліміне арызданған жеке кәсіпкер, дүкенінен белгісіз біреулердің азық-түлік ұрлап жүргенін айтқан.

Осы жағдайға қатысты тәртіп сақшылары қажетті іздестіру шараларын жүргізді. Күдіктілердің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео арқылы дәлелденді.

«Ұрлыққа қатысы бар 43 пен 46 жас шамасындағы әйелдер анықталды. Алдын ала келісіп алған екеу тұтынушы кейпінде азық-түліктерді салып алып, білдірмей шығып кеткен. Қазіргі таңда қос әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →