×

«Қызылорда облысында құрдасын өлтірді деген күдікпен 2 жасөспірім ұсталды»: Министр жауап берді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев тілшілерге жауап берді

«Қызылорда облысында құрдасын өлтірді деген күдікпен 2 жасөспірім ұсталды»: Министр жауап берді
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысында екі жасөспірім тоғызыншы сынып оқушысын өлтірді деп күдікке ілінді. Оның алдында Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы даладағы дәретханада көз жұмды. Осындай оқиғалар көбейіп кетті. Бұған қатысты Үкімет отырысынан кейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев тілшілерге жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жалпы, осы мәселелерге қатысты барлық облыс әкімдерінің орынбасарына шұғыл жиналыс өткізгенімді жақсы білесіздер.  Ашық түрде мәселелерді талқыладық. Әкімдіктерге нақты тапсырма берілді. Шынында оқу-ағарту министрлігі тарапынан тамыз айының соңында балаларды қорғауға қатысты Үкіметтің қаулысымен кешенді бағдарлама қабылданды. Соған байланысты біз әлемдік тәжірибелерді зерттеп, зерделей келе жаңа жүйе енгізіп жатырмыз. . Атап айтқанда, буллингке қарсы ең тиімді ретінде жоба финдік жүйені және «Дос болайық» жобасын қарастырдық», - дейді Ғани Бейсембаев.

Ол Қызылорда қаласында болған оқиғаға қатысты әкімнің орынбасарымен тікелей телефон арқылы байланысқа шығып, мән-жайды анықтағанын атап өтті.

«Қызылордадағы мәселеге келсек, бірден облыс әкімінің орынбасарына хабарластым.  Қандай шаралар қабылданып жатқанын білдім. Жалпы осы жағдай ғана емес, аймақта нақты мұндай оқиғаларға қатысты жоспар қабылданғаны сұрадым. Мұндай жұмыстар Жамбыл және Павлодар облыстарында да қолға алынды», - дейді министр.

Айта кетейік, Қызылордадағы қайғылы оқиға 18 мамырда Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауыл округтерінің бірінде болды. 9 және 11-сынып оқушылары төбелескені анықталған болатын.

Оның алдында 30 сәуірде Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы даладағы дәретханаға құлап мерт болды. Бұл оқиғада 9 сынып оқушыларының қатысы бар. Күдікті қамауға алынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →