×

Египет Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады

Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рет ұшады

Египет Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады
Ашық дереккөздерден

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп «Air Cairo» египеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды qaz365.kz.

Осылайша, «Air Cairo» әуекомпаниясы А-320 типті әуе кемелерінде Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі және сенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр .

Бұл әуе компания әлемнің 20-дан астам еліне (Армения, Дания, Австрия, Әзербайжан, Франция, Грузия, Германия, Венгрия, Италия және т.б.) 50 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды.

Әуе компания паркінде Airbus A320, A320neo, ATR 72 және Embraer 190 типті 19 әуе кемесі бар.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Бүгін, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →