×

Ермұрат Бапи Марғұлан Боранбаевты бостандыққа шығаруды сұрады

Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбай Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға қамауға алынған болатын

Ермұрат Бапи Марғұлан Боранбаевты бостандыққа шығаруды сұрады
Коллаж: Qaz365.kz

Ермұрат Бапи Қазақстан Республикасының бас прокуроры Берік Асыловтан Ресей туралы жазба жариялаған Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаевты босатуды сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Петропавл қаласында (СҚО) жуықта болған сепаратизм сипатындағы оғаш оқиға Қазақстандағы ұлттық-жікшілдік пиғылдың өте қауіпті тақырып екенін тағы бір рет көрсетті. Бұны «Жаңа Қазақстан» идеясына қарсы бағытталған және оған тікелей төнген қатердің бірегей белгісі деп бағалау керек”, – деді Ермұрат Бапи. 

Ол ел ішіне жік салу синдромы қоғамның қатты алаңдаушылығы мен зығырданын туғызып отырғанын айтты.

“Сіз бен біз бұл мемлекеттік қаскүнемдікке қызмет бабымен ғана емес, азаматтық жауапкершілік пен перзенттік парыз тұрғысында алаңдаушылық білдіруіміз керек. Дегенмен, біздің елдің намысын қорғаған ұлтжанды азаматтар Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаев «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген желеумен әрқайсысы 5 жылға сотталып кетті. Анығында, бұл азаматтар «ұлтаралық араздықтан» бұрын, қазақ халқының намысын жыртып, ұлттық мүддені қорғап, әлеуметтік желілердегі сепаратистік көзқарастарға қарсы шыққаны үшін сотты болды. Бұл жігіттерге өрескел қиянат жасалды”, – дейді депутат.

Оның айтуынша, көршілес елдердің елірмелері аузына келгенін айтып және жазып жатқан алауыз пікірлермен салыстырғанда, М.Боранбаев пен Д.Намазбаевтың әлемжелідегі әрекеті баланың ойыны болып қалды. Оларға жасалған қиянат пен әділетсіздік осы салыстырудан туындайды. Бір ел неге өзінің сыңарезу саясатшыларына тыйым салмайды, біздің ел неге өзінің елдік мүддесі мен халықтық намысын қорғаған азаматтарын соттайды деп өз базынасын айтты.

“Олар неге «орыс патриоттары» болып саналады. Ал өз халқының намысын жыртқан Марғұлан мен Данат неге қазақ халқының патриоттары бола алмайды? Көрші елдің «ұраншылары» қылмыстық сотқа тартылмақ түгілі, өз билігі мен тиісті органдары тарапынан әкімшілік тұрғыда ескерту де алған жоқ. Ал ел намысына араша түскен екі жігіт неге сотты болады?” - деді Бапи.

Осы ретте депутат бұған дейін Қазақстанда болып келген сепаратизм синдромын және Петропавл қаласындағы жуықта болған жікшілденудің жиіркенішті жағдаятын ескере отырып, Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаевқа қатысты үкімді қайтадан қарайтын уақыт та, саяси себеп те, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығы да туды деп санайтынын жеткізді.

Айта кетейік, былтыр наурызда блогерлер Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбай Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға қамауға алынған болатын.

Сот шешіміне сәйкес, айыпталушылар 2018 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшаларында ұлтаралық алауыздықты қоздыру мақсатында жазба жариялап, орыс ұлты өкілдерін кемсіткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Кеше, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →