×

Алматыда Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қарсы митинг өтті

Жиналғандар сайлау нәтижесінің жойылуын талап етуде

Алматыда Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қарсы митинг өтті
orda.kz

Алматыда Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының қорытындысына қарсы рұқсат етілмеген митинг өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Алматыдағы Республика алаңында Мәжіліс пен мәслихат сайлауының қорытындысына наразылық білдірушілер келді. Шамамен 60-қа жуық адам жиналды. Кейбір жерлерде интернет жоқ, аумақтың жан-жағында  полиция қызметкерлері кезекшілікте тұрды. Олардың саны 10-нан сәл асады, полицейлер  тәртіптің сақталуын жіті қадағалады.

Кездесуді ұйымдастырушы кәсіпкер, саясаткер, депутаттыққа бұрынғы кандидат Мұхтар Тайжан сайлауды заң бұзушылықтар көп деп санайды.

Жиналғандар сайлау нәтижесінің жойылуын талап етті.

«Халық дұрыс таңдау жасады, бірақ сайлау комиссиясы нәтижені бұрмалап, дұрыс шешім қабылдамады. Олар сайлауға қатыспағандардың орнына дауыс беруді ұйымдастырды. Осылайша, олар өз партиясынан қатысқан үміткерлерге  дауыс жинап алды. Бұл сайлау емес, бұл сайқымазақ. Біз бұған келіспейміз, сондықтан жиналдық!» – деді мінберден депутаттыққа бұрынғы үміткерлер Рысбек Сәрсенбай.

Жиынға Жанболат Мамайдың сенімді адамы Нұрбол Қасымбеков та төбе көрсетті.

«Мен мұнда Қазақстанның демократиялық болашағына үлес қосу үшін келдім. Билік Жанболаттың аузын жапқысы келді, бірақ оның атынан біз, оның ізбасарлары сөйлейтін боламыз. Өскелең ұрпақтың арасында Жанболат сияқты жүздеген адамдар болады деп ойлаймын. Қазақстанның демократиялық болашағын көрмеуіміз мүмкін, біз 50-ге келдік. Бірақ мен оның куәгері жастар болғанын қалаймын», – дейді Қасымбеков.

Бұған дейін Алматы прокуратурасы Жанболат Мамайды 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Айта кетейік, бір күн бұрын Бас прокурордың орынбасары рұқсат етілмеген митингілерге жиналмауға шақырып, қандай жаза қолданылатынын да еске салған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Кеше, 19:13

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →