×

Жұмыстан статьямен шығарылған жеті мұғалім бір аптадан бері министрліктің алдында отыр

Министрдің қабылдауына кіре алмай жүр

Жұмыстан статьямен шығарылған жеті мұғалім бір аптадан бері министрліктің алдында отыр
Ашық дереккөздерден

“Жұмыстан заңсыз шығарылдық” деген Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жеті мұғалім бір аптадан беру ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қабылдауына кіре алмай жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентіндегі №17 мектепте 25 жыл қазақ тілі әдебиетінен сабақ берген Айнұр Күленбаева 17 қаңтардан жұмыстан шығарылған. 
Оның айтуынша, бірнеше жылдан бері мектептің жемқорлығымен айналысып келе жатыр екен. Мұғалімнің мұндай “әділетсүйгіш” әрекеті басшылыққа ешқашан ұнаған емес. Сосын Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев келгенде, директордың ақша жинағанын және таныстары мен туыстарының 42 сағатпен жүргенін айтып қойған. Осыдан кейін басшылықтың шыдамы таусылып, Әдеп кеңесінде жиналысқа салып, жұмыстан шығарды деп отыр.

“Мені Еңбек кодексінің 52-бабының 14-тармағына сәйкес жұмыстан шығарды. Негізі, мұндай шешімді тек сот шығару керек. Бірақ қазір рахат, Әдеп кеңесін жинап, өздері шешім қабылдай салады. Статьямен кеткен соң, еш жер жұмысқа да ала алмайды. Бармаған жеріміз жоқ. Бір аптадан бері министрліктің алдында отырмыз. Көмекшілері келеді, өзімен кездесуге мүмкіндік берілмеді. Сөйтіп, жеті адам Астанадан пәтер жалдап, министрді күтіп жүрміз. Бәріміз де осындай баппен жұмыстан кеткенбіз”,- дейді Айнұр Күленбаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →